Skip to content

Бас дәрігер блогі

Медетов Булат Сабирович

Шымкент қаласы ДСБ ШЖҚ «Психикалық денсаулық орталығы» МКК Бас дәрігері

Құрметті сайт қонақтары!

Сіздерді Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ресми сайтында қарсы алу мен үшін үлкен қуаныш.

Біздің Орталықтың басты мақсаты – халықтың психикалық саулығын сақтау және нығайту. Біз ересектер мен балаларға психиатриялық, наркологиялық және оңалту көмегін көрсетеміз, заманауи диагностикалық және емдеу тәсілдерін енгіземіз, медико-әлеуметтік оңалту мен алдын алу қызметтерін дамытамыз.

Бұл сайт арқылы біз өз жұмысымызды халыққа барынша ашық әрі қолжетімді етуді көздейміз. Мұнда сіз Орталықтың құрылымы, көрсетілетін қызметтер, мамандар туралы және жаңалықтармен таныса аласыз. Сонымен қатар, сұрақтарыңызды қойып, медициналық көмектің сапасын арттыруға қатысты ұсыныстарыңызды қалдыруға немесе қызметкерлерімізге алғыс білдіруге болады.

Сіздің әрбір пікіріңіз біз үшін маңызды және орталық қызметін жетілдіруге ықпал етеді.
Баршаңызға мықты денсаулық, жан тыныштығы және амандық тілеймін!

Өз сұрағыңызды қойыңыз немесе ұсыныс/шағым жіберіңіз