Skip to content

Психикалық саулық үшін қашан дәрігерге жүгінген дұрыс?

Неліктен бұл маңызды
Психиатр – тек ауыр психикалық бұзылыстар кезінде ғана емес, сондай-ақ адам мазасызданғанда, ұйықтай алмай, күш-қуаты төмендеп, зейін мен мінез-құлықта қиындықтар туындағанда көмектесетін дәрігер.
Көмек неғұрлым ерте басталса, психологиялық тепе-теңдікті және өмір сапасын қалпына келтіру соғұрлым жеңіл болады.

Балаларға арналған
Бала психиатрға жүгінуге себептер:
-бала сөйлемейді немесе бұрынғы сөйлеу дағдыларын жоғалтқан;
-жиі мазасызданады, қорқады, басқа балалармен ойнамайды;
-нашар ұйықтайды, себепсіз жиі жылайды;
-зейін қоя алмайды, тез ашуланады;
-дамуында немесе оқуында артта қалып отыр.

Ерте диагностика баланың дамуындағы тежелуді, аутизм спектрінің бұзылыстарын (АСБ), назар тапшылығы мен гиперактивтілік бұзылысын (СДВГ) және басқа да жағдайларды анықтауға көмектеседі.

Ересектерге арналған
Психиатр көмегі қажет, егер:
-үнемі мазасыздық, немқұрайлылық, ашушаңдық сезінсеңіз;
-бұрын қуаныш сыйлаған істерден ләззат алмайтын болсаңыз;
-ұйқы, зейін немесе тәбет бұзылса;
-алкогольге, дәріге немесе интернетке тәуелділікті байқасаңыз.

Психикалық бұзылыстар – қан қысымы немесе диабет сияқты емделетін медициналық мәселелер. Ең бастысы – қорықпау және дәрігерге баруды кейінге қалдырмау.

Қабылдау қалай өтеді
Қабылдау кезінде дәрігер мұқият тыңдап, нақтылау сұрақтарын қояды, қажет болса психологқа немесе қосымша тексеруге жібереді.
Психиатрмен талқыланған барлық ақпарат құпия сақталады.