Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 35-бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-230/2020 «Медициналық қызметтердің (көмектің) сапасына ішкі және сыртқы сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының «Психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК бас дәрігерімен пациенттерді қолдау қызметін ұйымдастыру және медициналық қызметтердің сапасына ішкі сараптама жүргізу туралы №78 бұйрық 14.05.2025ж. шығарылды.
Пациенттерді қолдау қызметінің негізгі міндеттері:
- пациенттердің қауіпсіздігі, құқықтары мен қолдауын қамтамасыз ету;
- халықтың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- пациенттердің шағымдарын, оның ішінде сенім телефоны арқылы түскен өтініштерді «осында және қазір» принципімен жедел шешу;
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету;
- ұйым қызметінің нәтижелерін жақсартуға бағытталған шараларды әзірлей отырып, жүйелерге, рәсімдерге және жұмыстарға талдау жүргізу, олардың жеткіліктілігі мен тиімділігін бағалау;
- аккредитация стандарттарына сәйкестігін бағалау.
Егер сіз медициналық көмектің тәртібі мен сапасына қатысты мәселелерге тап болсаңыз, ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІНЕ жүгініңіз.
Объективтілік қағидаттарын сақтау мақсатында сіздің өтінішіңіз комиссиялық түрде қаралады.
Сіздің қолайлығыңыз үшін өзіңіздің аты-жөніңізді және байланыс деректеріңізді (телефон, мекенжай) көрсете отырып, жазбаша өтінішіңізді ұйым аумағында орналасқан «Өтініштер мен ұсыныстар жәшігіне» қалдыра аласыз. Сонымен қатар, сіз медициналық ұйымның сайтының shym-cpz.kz – «Бас дәрігер блогы» айдарына онлайн түрде жүгінуіңізге болады. Сондай-ақ әкімшілік ғимаратының бас корпусында орналасқан пациенттерді қолдау қызметіне келіп, жазбаша өтініш қалдыруға немесе жақсарту бойынша ұсыныстар анкетасын толтыруға мүмкіндік бар.
Пациенттерді қолдау қызметі және ішкі сараптама бөлімі сіздің өтінішіңізді мүмкіндігінше қысқа мерзімде қарап, бес күнтізбелік күннен кешіктірмей қарау нәтижелері туралы ақпарат береді.
Пациенттерді қолдау қызметіне және ішкі аудит бөліміне келесі қалалық телефон арқылы хабарласа аласыз: +7 (7252) 47-93-36
Қызмет мекенжайы: Шымкент қ., Ерімбетова көшесі 10/1, бас корпус
Біздің Орталықта медициналық көмектің сапасын арттыруға көмектесетін өтініштеріңізге, пікірлеріңізге және ұсыныстарыңызға алдын ала алғыс білдіреміз.
